ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ
ҮНДЕУІ
М. Тәжіғалиев

Құрметті әріптестер, серіктестер!

Сіздердің назарларыңызға «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Компания, Қоғам) 2021 жылғы қызметі туралы жылдық есепті ұсынуға қуа­ныштымыз.

Компания өз дамуын жалғастыруда, өткен жыл ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй бағыты бойынша жалға берілетін сатып алу арқылы жалға өткізілген жылжымайтын мүліктің тұрақты пулының және халықтың зейнетақы жинақтарын пайдалану есебінен мерзімінен бұрын өтеудің арқасында таза кіріс 44 %-ға артып, соңғы жылдары ең жоғары мәнге жетті. «Нұрлы жер» бағдарламасын коммерциялық тұрғын үй бағыты бойынша іске асырудың инвестициялық кезеңінің аяқталуына байланысты есепті кезеңде Компания салынған инвестицияларды қайтару бойынша іс-шаралар жүргізді.

2021 жылы Компания командасының күш-жігері жобалау және құрылыс сатысында компаниялардың үлес­терін сенімділікпен басқару жөніндегі стратегиялық міндет аясында «Самұрық-Қазына» АҚ тобының «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының (бұдан әрі – «ҰИМТ» АЭА) аумағында инфрақұрылым объектілерін салу бойынша негізгі жобаларының біріне бағытталды. Атырау облысының мұнай-химия кластері үшін тиісті инфрақұрылымды құрудың маңыздылығы жоғары. Осылайша, Компания барлық жұмыстардың уақытында және тиісті сапамен орындалуын қамтамасыз етті. Атап айтқанда, «ҰИМТ» АЭА аумағындағы «Karabatan Utility Solutions» ЖШС жобалары бойынша 2021 жылы «ГТЭС инженерлік қамтамасыз ету объектілерін салу. Инженерлік желілер дәлізі. 1-кезегі, Сыртқы сумен жабдықтау, 1-кезегі, Су өңдеуді және ағындарды тазартуды орнату. 1-кезегі» (Су өңдеу) жобасы бойынша объектілерді пайдалануға қабылдау актілеріне қол қойылды.

2021 жылы жайлы тұрғын үйлердің қол жетімділігін одан әрі арттыру және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту мақсатында Қоғам Қазақстанның бірқатар аймақтарында тұрғын үй кешендерінің құрылысын қаржыландыру бойынша корпоративтік шешімдер қабылдады. 2021 жылы Ақтөбе қаласында «Бавария» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. 2022–2024 жж. Қоғам құрылысы 2020–2021 жылдардан бері жүргізіліп жатқан бірқатар тұрғын үй объектілерін пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

2022–2026 жылдарға арналған бекітілген Бизнес-жоспарға сәйкес, Қоғам республикадағы құрылыс секторын дамытуға, соның ішінде Қазақстанда импортты алмастыратын құрылыс материалдары өндірісін дамыту арқылы қатысуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ 2021 жылдың қазанында Fitch Ratings компанияның шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді эмитент дефолт рейтингтерін (ЭДР) «ВВ» деңгейінде растай отырып, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ рейтингі бойынша болжамды «Тұрақтыдан» «Оңға» өзгерткенін атап өткен жөн. АКРА рейтингтік агенттігі Қоғамның халықаралық шкала бойынша кредиттік рейтингін «Тұрақты» болжамымен «BB+» деңгейінде растады.

Компания 2028 жылға дейінгі стратегияны іске асыру шеңберінде қызметтің негізгі бағыттары бойынша алдына қойылған барлық міндеттерді табысты орындауды жалғастыруда. Компания экономиканы дамытудың өзекті үрдістері мен келешектерін ескеретініне сенімдімін.

2021 жылдың қорытындысын шығара отырып, Директорлар кеңесінің мүшелеріне, Қоғам командасына, сондай-ақ серіктестерімізге Компания қызметіне қосқан үлесі үшін алғысымды білдіремін.

Директорлар кеңесі атынан баршаңызға сәттілік пен өркендеу тілеймін!