КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 265 «Жылжымайтын мүлік нарығындағы мәселелерді шешудің кейбір шаралары туралы» қаулысын орындау үшін құрылған. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» АҚ, Жалғыз акционер, Қор) шешімімен бекітілген Қоғам Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Қоғам қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытуға жәрдемдесу деп белгіленген.

Қоғамның Жалғыз акционері – Қор. Қор миссиясы Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру және болашақ ұрпақ үшін ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылатын коммерциялық құрылым – инвестициялық холдинг болып табылады.

«Самұрық-Қазына» АҚ миссиясы – Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру және болашақ ұрпақ үшін ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес Қор мемлекеттік бастамалар мен бағдарламаларды орындаушы рөлінен инвестициялық компания рөліне ауысуды көздеп отыр. Бұл мақсат Қордың инвестициялық портфелін белсенді басқаруды, инвестициялардан кірісті қамтамасыз етуді және жетекші егеменді әл-ауқат қорлары деңгейінде портфельді дамытуды көздейді.