Жарияланған және орналастырылған акциялардың жалпы саны – 16 247 541 дана, оның ішінде:
- 1 000 теңге бір акцияның номиналды құны бойынша 15 000 000 дана;
- 4 000 теңге бір акцияның номиналды құны бойынша 1 247 540 дана;
- 2 490 теңге бір акцияның номиналды құны бойынша 1 дана.
Барлық акциялар жай болып табылады.
Қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізілімін «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ жүргізеді.
2021 ЖЫЛҒА ДИВИДЕНДТЕР ТӨЛЕУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
2021 жылғы 15 шілдеде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ қатысу үлесі 50 % астам еншілес ұйымдарға қатысты «Самұрық-Қазына» АҚ дивидендтік саясатына сәйкес, Жалғыз акционердің 2021 жылғы 17 мамырдағы № 20/21 шешімі бойынша, 1 019 776 510,95 теңге мөлшерінде дивидендтер төлеуді жүзеге асырды. Қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері 62,76498 теңгені құрайды.