ҚОҒАМНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ

ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫ БАСҚАРУ

Қоғамда Тұрақты даму саясатын іске асырудың мақсаттары:

  • Қоғамның экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салалардағы тұрақты дамуына Қоғамның үлесін арттыру;
  • мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуді дамыту және олардың Қоғамға деген сенімін арттыру;
  • еңбек тиімділігін арттыру және Қоғам қызметкерлерінің әлеуетін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
  • корпоративтік басқару жүйесін дамыту, бизнес-үдерістердің ашықтығын арттыру.

БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарын мойындай отырып, Қоғам өз қызметінде келесі қағидаттарды ұстанатынын мәлімдейді.

Қоғам өз қызметінде келесі қағидаттарды ұстанатынын мәлімдейді:

Адам құқықтарын қорғау саласында

  • халықаралық деңгейде жарияланған адам құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді және құрметтейді;
  • адам құқықтарын бұзуға қатысы жоқтықты қамтамасыз етеді.

Еңбек қатынастары саласында

  • жиналыстар бостандығын қолдайды және ұжымдық шарттар жасасу құқығын таниды;
  • міндетті немесе мәжбүрлі еңбекті жоюға ықпал етеді;
  • балалар еңбегін жоюға ықпал етеді;
  • еңбек және жұмыспен қамту саласында кемсітушілікті жоюға ықпал етеді.

Қоршаған ортаны қорғау саласында

  • қоршаған ортаға теріс әсер етудің алдын алуға ықпал етеді;
  • бастамаларды қабылдайды және экологиялық жауапкершіліктің таралуына ықпал етеді;
  • экологиялық қауіпсіз технологияларды дамытуға және таратуға ықпал етеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында

  • сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне және басқа да заңсыз әрекеттерге, оның ішінде бопсалау мен парақорлыққа мүлдем төзбеушілік танытады.

«Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне, Тұрақты даму саласындағы саясатына сәйкес Қоғамда тұрақты даму саласындағы басқару жүйесі құрылған, оған келесілер кіреді:

  • Директорлар кеңесі, атқарушы орган және қызметкерлер деңгейінде тұрақты даму қағидаттарына берілгендік;
  • ішкі және сыртқы жағдайды үш құрамдас бөлікте талдау (экономика, экология, әлеуметтік мәселелер);
  • әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларда тұрақты дамудағы тәуекелдерді анықтау;
  • мүдделі тараптар картасын құру;
  • тұрақты даму саласындағы мақсаттар мен ҚНК анықтау, іс-шаралар жоспарын әзірлеу және жауапты тұлғаларды белгілеу;
  • тәуекелдерді басқаруды, жоспарлауды, адам ресурс­тарын басқаруды, инвестицияларды, есептілікті, операциялық қызметті және т.б. қоса алғанда, тұрақты дамуды негізгі үдерістерге, сондай-ақ даму стратегиясы мен шешім қабылдау үдерістеріне біріктіру;
  • тұрақты даму саласында лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
  • тұрақты даму саласындағы қызметтің жүйелі мониторингі мен бағалауы, мақсаттар мен ҚНК қол жеткізуін бағалау, түзету шараларын қабылдау, үздіксіз жетілдіру мәдениетін енгізу.

Осы салада 6 ҚНК белгіленді, айта кету керек, төменде аталған ҚНК 2021 жылы Директорлар кеңесімен басшы қызметкерлердің қызметін бағалау үшін бекітілген:

  • Еркін ақша ағыны;
  • Тұрғын және коммерциялық жылжымайтын мүлікті сату;
  • NAV;
  • Жұмыс уақытын жоғалтумен жарақаттар коэффициентінің төмендеуі (LTIF);
  • Жобалар бойынша инвестициялар мен маржаның қайтарылуы;
  • 2022 жылға арналған корпоративтік басқаруды жетілдіру жоспарының іс-шараларының орындалу дәрежесі.

Директорлар кеңесі мен Басқарма тұрақты даму саласында тиісті жүйені қалыптастыруды және оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Барлық қызметкерлер мен барлық деңгейдегі лауазымды тұлғалар тұрақты дамуға үлес қосады. Қоғам Басқармасы жанынан сабағаттық-кеңесші орган – Тұрақты даму комитеті құрылды, оның негізгі міндеті тұрақты даму саласындағы саясат пен рәсімдерді әзірлеу, сондай-ақ Басқарманың қарауына тұрақты даму жүйесін іске асыру жөнінде ұсыныстар шығару болып табылады. Комитет Төрағасы – тұрақты дамуға жетекшілік ететін басқарушы директор. Тұрақты даму саласындағы есепте біз қоршаған ортаға, қоғамға және экономикаға әсеріміз (оң және теріс) туралы ақпаратты ашуға ұмтыламыз. Осы бағыттар бойынша қабылданатын шаралар Қоғамның ұзақ мерзімді тұрақтылығына қол жеткізу, экономикалық тиімділік пен әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету тұрғысынан ең үлкен оң нәтиже береді. Тұрақты даму саясатын жүзеге асыра отырып, Қоғам Корпоративтік басқаруды жетілдіру жоспары аясында тұрақты даму саласындағы іс-шараларды жүзеге асыруды қарастырады. Тұрақты даму саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру мәселелері тоқсан сайын Директорлар кеңесінің отырыстарында талқыланды. 2022 жылы Корпоративтік басқаруды жетілдірудің 2022–2023 жылдарға арналған жоспарын бекіту жоспарлануда.

Тұрақты даму саласындағы есептің мазмұнын белгілеу үшін жыл са­йын тұрақты даму саласындағы мүдделі тараптар арасында сауалнама жүргізіледі. 2022 жылдың қаңтарында GRI Standards сәйкес стейкхолдерлер арасында сауалнама жүргізілді, олар: акцио­нердің өкілі, Директорлар кеңесінің мүшелері, Басқарма мүшелері, қызметкерлер, еншілес ұйым, инвесторлар, тапсырыс берушілер, бас мердігерлер, сенімділікпен басқарудағы кәсіпорындар, сатып алушылар, орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, БАҚ, жеткізушілер, әлеуметтік желілерді пайдаланушылар, қаржы институттары. Сауалнама нәтижелері бойынша Қоғам мен стейкхолдерлер үшін аспектілердің маңыздылығы арасындағы байланысты бейнелейтін Анықталған аспектілердің маңыздылық матрицасы әзірленді. Матрицаның көлденең осінде аспектілер Қоғам үшін маңыздылық дәрежесіне қарай, ал тік ось бойынша мүдделі тараптардың бағалауына қарай сараланады. Маңызды аспектілердің саралауы олардың басымдықтарын нақты түсіну негізінде стейкхолдермен өзара әрекеттесуді сындарлы қалыптастыруға мүмкіндік береді.

АНЫҚТАЛҒАН АСПЕКТІЛЕРДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҚ МАТРИЦАСЫ

МАҢЫЗДЫ ТАҚЫРЫПТАРДЫ АЙҚЫНДАУ

Сауалнама нәтижелері бойынша, тиісті стандартары бар келесі тақырыптар ең маңызды және мағыналы болып шықты.

Экономикалық:

  • Экономикалық нәтижелілік;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл.

Экологиялық:

  • Талаптарға сәйкес келу.

Әлеуметтік:

  • Жұмыспен қамтылу;
  • Қызметкерлер мен басшылықтың өзара қатынастары;
  • Денсаулық және жұмыс орнындағы қауіпсіздік;
  • Дайындық және білім;
  • Әйелдер мен ерлерге бірдей сыйақы беру;
  • Кемсітушілікке жол бермеу;
  • Мемлекеттік саясат;
  • Әртүрлілік және тең мүмкіндіктер.
«SAMRUK-KAZYNA CONSTRUCTION» АҚ СТЕЙКХОЛДЕРІНІҢ КАРТАСЫ

МҮДДЕЛІ ТАРАПТАРМЕН ТИІМДІ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ

Қоғам мүдделі тараптармен құрмет пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген өзара іс-қимылдың тиімді жүйесін құруға ұмтылады.

Қоғам стейкхолдерлердің үлесін және олардың мүдделерін сипаттай отырып, өз қызметі барысында өзара әрекеттесетін мүдделі тараптардың толық тізімін белгілейді. Мүдделі тараптардың маңыздылығын бағалау кезінде стейкхолдерлер Қоғам үшін маңыздылығы жағынан екі фактор бойынша сараланады: мүдделі тараптың Қоғамға әсер ету күші және стейкхолдердің Қоғам қызметіне қызығушылық дәрежесі.

Қоғамның мүдделі тұлғалары (стейкхолдерлері) – Қоғамның тұрғын үй-жайларын сатып алушылар мен жалға алушылар, Қоғамның қызметкерлері, Жалғыз акционер және Директорлар кеңесі, еншілес және тәуелді ұйымдар, бас мердігерлер мен құрылыс салушылар, сенімділікпен басқарудағы кәсіпорындар, тапсырыс берушілер, жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдар, қаржы институттары, бұқара ақпарат құралдары және әлеуметтік желілерді пайдаланушылар.

Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу қағидаттары, механизмдері және рәсімдері Әдеп кодексінде, Тұрақты даму саясатында және Стейкхолдерлер картасында тұжырымдалған.

Стейкхолдерлермен өзара әрекеттесу стратегиясы

Өзара әрекеттесудің әдістері мен механизмдері

1

Жалғыз акционер

 

Негізгі шешімдерді тиімді қабылдауға бағытталған корпоративтік басқару қағидаттары шеңберінде Жалғыз акционердің құқықтарын жүзеге сыруды қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Қоғамның Жарғысының, ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты, Қоғамның жоспарлары, жетістіктері туралы қосымша ақпаратты, есептерді, презентацияларды орналастыру үшін Қоғамның корпоративтік сайты мен әлеуметтік желілерін пайдалануға болады. Басқарушылық есептер. Қаржылық есептер. Жылдық есеп. Кездесулер. Интернет сайт. Хат алмасу мен сұраулар.

2

Директорлар кеңесі

 

Қоғам қызметінің басым бағыттарын, Даму стратегиясын белгілеу.

Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына (қажет болған жағдайда) сәйкес жалпы ақпаратты интернет-ресурстарда, атап айтқанда Қоғамның корпоративтік сайтында орналастыру. Директорлар кеңесінің отырыстары. Басқарушылық есептер. Қаржылық есептер. Жылдық есеп.

3

Басқарма

 

Қоғамның ағымдағы қызметін басқару

Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жалпы ақпаратты интернет-ресурстарда, атап айтқанда Қоғамның корпоративтік сайтында орналастыру (қажет болған жағдайда). Басқарма отырыстары. Басқарушылық есептер. Қаржылық есептер. Жылдық есеп. Хат алмасу мен сұраулар.

4

Қызметкерлер

 

Білікті және ынталы персоналды қалыптастыруға бағытталған ашық, айқын кадр саясатын жүргізу. Барлық қызметкерлерге еңбек қызметі барысында өз әлеуетін іске асыруға тең мүмкіндіктер қамтамасыз ету, олардың нәтижелерін бейтарап және әділ бағалау, қызметкерлерді тек кәсіби қабілеттері, білімдері мен дағдылары негізінде іріктеу және олардың мансаптық өсуі.

Қоғамның кадр саясатын іске асырылуына, қызметкерлерді конкурстық іріктеу нәтижелерін жариялауға ақпараттық қолдау көрсету үшін интернет-ресурстарды, атап айтқанда корпоративтік сайтты пайдалануға болады. Басшылықтың қызметкерлермен кездесулері. Тренингтер мен семинарлар.

Корпоративтік іс-шаралар. Жылдық нәтижелілікке шолулар. Сауалдау және сауалнамалар. Корпоративтік БАҚ.

5

Тең инвесторлар

 

Пайда табу мақсатында жобаларды жүзеге асыруға инвестиция тарту.

Құрылысқа жеке секторды тартудың шетелдік және отандық тәжірибесі туралы ақпаратты тарату, Қоғамның мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытуы, іскерлік іс-шараларға (бизнес-форумдар, конференциялар, іскерлік кеңестер, көрмелер және т.б.) қатысу интернет-ресурстар арқылы, атап айтқанда. корпоративтік сайт, әлеуметтік желілер, корпоративтік БАҚ. Жобалау мәселелері. Шарттар.

6

Бас мердігерлер

 

Құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде шарттар жасасу, шарттық қатынастардың орындалуын бақылау.

 

Корпоративтік сайтта, әлеуметтік желілерде, БАҚ-та баспасөз мәлімдемелерін, жаңалықтарды, мақалаларды, сұхбаттарды және басқа да материалдарды орналастыру арқылы мақсатты аудиторияны Қоғамның жобаларды іске асыруы туралы ақпараттандыру. Жобалау мәселелері. Іскерлік серіктестермен және жеткізушілермен кездесулер. Конференциялар мен іс-шараларға бару.

7

Сенімділікпен басқарудағы кәсіпорындар

 

Шарттар жасасу, шарттық қатынастардың орындалуын бақылау.

Корпоративтік сайтта, әлеуметтік желілерде, БАҚ-та баспасөз мәлімдемелерін, жаңалықтарды, мақалаларды, сұхбаттарды және басқа да материалдарды орналастыру арқылы мақсатты аудиторияны Қоғамның жобаларды іске асыруы туралы ақпараттандыру. Жобалау мәселелері. Шарттар. Есептер мен хат алмасу.

8

Тапсырыс берушілер

 

Шарттар жасасу, шарттық қатынастардың орындалуын бақылау.

Корпоративтік сайтта, әлеуметтік желілерде, БАҚ-та баспасөз мәлімдемелерін, жаңалықтарды, мақалаларды, сұхбаттарды және басқа да материалдарды орналастыру арқылы мақсатты аудиторияны Қоғамның жобаларды іске асыруы туралы ақпараттандыру. Шарттар. Есептер мен хат алмасу.

9

Жеткізушілер

 

Шарттар жасасу, шарттық қатынастардың орындалуын бақылау.

Жасалып жатқан сатып алулар, олардың нәтижелері туралы ақпараттық хабарламалар интернет-ресурстарда, атап айтқанда Қоғамның корпоративтік сайтында орналастырылады. Шарттар. Сатып алу ережелері және жасалып жатқан сатып алулар туралы ақпарат. Жеткізушілердің жүгінулерін қарау.

10

Сатып алушылар/ жалға алушылар

 

Сатып алушылардың/жалға алушылардың ҚР ҚНжЕ сәйкес сапалы және қолжетімді тұрғын үйді алудағы күтулерін, жайлылық, қауіпсіздік және үнемділік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

 

Корпоративтік сайтты, әлеуметтік желілерді, электрондық ақпараттық бюллетеньдерді, е-mail жөнелтуді, мессенджерлерді, Басқарма Төрағасының блогын пайдалану арқылы баспасөз мәлімдемелерін, мақалаларды, есептерді, сауалнамалар мен басқа да ақпараттық хабарламаларды жариялау, сондай-ақ call-орталық арқылы кеңестер беру, арнайы іс-шаралар, акциялар, жарнамалық науқандар және т.б. өткізу жолымен мақсатты аудитория арасында Қоғам қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу. Жалға беру/сатып алумен жалға беру/сату туралы шарттар. Клиенттердің қанағаттануына шолу. Үй-жайларды жалға алушылардың қанағаттану деңгейін анықтау.

11

Мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар

 

Тұрғын үй құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты басқару, объектілер құрылысына мониторинг жүргізу, техникалық аудит жүргізу, мемлекеттік сараптама, объектілерді пайдалануға қабылдау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

Жергiлiктi атқарушы органдардың кезекте тұрған адамдарға пайдалануға берілген тұрғын үйлерді сату туралы келісімдер жасасу.

Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы Қоғам қызметін (кеңестер, кездесулер, жария тыңдаулар, сұхбаттар, сөз сөйлеулер, жұмыс топтары, форумдар, конференциялар және т.б.) ақпараттық жариялау үшін интернет-ресурстарды, атап айтқанда корпоративтік сайтты, әлеуметтік желілерді пайдалануға болады. Хат алмасу мен сұраулар. Заңнамалық және нормативтік реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен жұмыс жасау. Жұмыс топтарына, форумдарға, конференцияларға қатысу.

12

БАҚ, Қоғамның әлеуметтік желілерді пайдаланушылары

 

Қоғамның қызметі туралы қоғамның оң пікірін қалыптастыру.

PR бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы ақпараттық қызметті ұйымдастыру, баспасөз мәлімдемелерін, жарияланымдарды, есептерді, сұхбаттарды, фото және бейнероликтерді, презентацияларды БАҚ-та, корпоративтік сайтта және әлеуметтік желілерде тарату арқылы мақсатты аудиторияға Қоғамның күшті жақтары мен мүмкіндіктері туралы хабардар ету. Интернет сайт. Баспасөз мәлімдемелері, баспасөз мәслихаттары және брифингтер. Жылдық есеп. Конференциялар мен саммиттер.

13

Қаржы институттары

 

Шарттарды жасау, шарттық қатынастардың орындалуын бақылау (депозиттік шоттарға ақшалай қаражат орналастыру, банктік қызмет көрсету, арнайы шоттарға қызмет көрсету).

Шоғырландырылған қаржылық есептілікті, бекітілген дивидендтердің мөлшері туралы ақпаратты және басқа да ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес интернет-ресурстарда, атап айтқанда Қоғамның корпоративтік сайтында жариялау. Шарттар. Қаржы институттарында ақшалай қаражатты орналастыру.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

2018 жылғы 17 мамырда Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен Комплаенс-бақылаушы тағайындалды.

Қазақстан Республикасының комплаенс саласындағы заңнамасы, «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларындағы комплаенс функциясының референстік үлгісі және Қоғамның Комплаенс-бақылаушы туралы ішкі нормативтік құжаттары шеңберінде ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына ішкі нормативтік құжаттарды қарастырады және талдайды, комплаенс тәуекелдеріне ұшырағыш Қоғамның бизнес-үдерістерін сәйкестендіреді және бағалайды, сыбайлас жемқорлық және беделді тәуекелдерді барынша азайту мақсатында Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырады.

Комплаенс-тренингтер өткізу, Қазақстан Рес­публикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, Әдеп кодексін білуге тестілеу өткізу арқылы Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыс жыл сайын жалғасуда, сонымен қатар Қоғам қызметкерлері арасында «жедел желі» жұмысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылмен байланысты іс-шаралар мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес 2021 жылы кепілзаттың (кепілдердің, үлестердің) құнын анықтау тәртібі мәселелері, кадрлық HR басқару бизнес-үдерісі, сатып алуды басқарудың бизнес-үдерістері және басқа да үдерістер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді, Іс-шаралар жоспарлары әзірленіп, бекітілді, іс-шаралардың жауапты орындаушылары мен жүзеге асыру мерзімдері белгіленді – жоспарланған кезең 2022 жыл.

Қаржылық бақылау шараларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тұлғалардың активтері мен міндеттемелері, кірістері мен мүлкі туралы декларацияларды уақтылы тапсыруларына қатысты түсіндіру іс-шаралары жүргізілді, декларацияларды тапсыруды растайтын құжаттардың ұсынылуына бақылау қамтамасыз етілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау және мүдделер қақтығысының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратты ашу қажеттілігі туралы тұлғалардың назарына жеткізуді, үлестес тұлғалардың тізімін қалыптастыруды бақылау қамтамасыз етіледі, үлестес тұлғалардың тізімі Қаржылық есептілік депозитарийінде уақтылы орналастырылуын бақылау жүзеге асырылады, СЕО-1 қатысты үлестестікке және мүдделер қақтығысының бар-жоғына тексеру жасалды, мүдделер қақтығысының болдырмау мақсатында Қоғам қызметкерлеріне тұрақты негізде кеңес беру жүргізіледі.

2021 жылы «жедел желіге» және басқа да ресми арналар арқылы келіп түскен өтініштердің, шағымдардың 100 % қаралуы қамтамасыз етілді, белгіленген мерзімде өтініштер бойынша ішкі тексерулер жүргізілді, жа­уаптар жолданды, ақпарат тиісті тұлғалардың назарына жеткізілді, бұзушылық расталған жағдайда Қоғам басшылығына бұзушылыққа жол берген тұлғаларға тиісті шаралар қолдану қажеттігі туралы ақпарат жолданды.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы талаптарының және бекітілген комплаенс саясаттарының сақталуына мониторинг тұрақты негізде жүргізілуде.

МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ҚОЛДАУ

Бекітілген Даму стратегиясына сәйкес Қоғам жобаларды, құрылысты және жылжымайтын мүлікті тиімді басқару үшін жеткілікті ресурстары, кең ауқымды сенімді серіктестері, сондай-ақ құзыреті мен тәжірибесі бар ұйым болуға ұмтылады. Осыған байланысты Қоғам мемлекет тұрғын үй құрылысы саласында жүзеге асырып жатқан саясатты қолдайды. Қоғам бизнес ұсынылған экономика салаларына сектордың араласпауын жариялайтын Yellow Pages Rule қағидаттарын сақтайды. Квазимемлекеттік компания ретінде Қоғам өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысымен бекітілген қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырады.

ЖЕТКІЗУЛЕРДІҢ ЖАУАПТЫ ТІЗБЕГІ

Қоғамның сатып алу саласындағы негізгі мақсаты – барлық бөлімшелердің тұрақты жұмыс істеуі үшін ресурстарға қажеттілікті, оларды сатып алудың оңтайлы жағдайларымен уақтылы, тиімді және толық қамтамасыз ету. Қоғамда ақпараттық ашықтық, айқындық, теңдік және адал бәсекелестікті дамыту қағидаттарына негізделген тиімді сатып алу жүйесі құрылған. Сатып алу рәсімдері ашық, айқын, стандартталған және қарапайым. Қоғамның сатып алу қызметінің басым бағыттары: «Самұрық-Қазына» АҚ Компаниялар тобындағы Мүгедектер ұйымдарының тізілімінде тұрған мүгедектер ұйымдарынан тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу; «Самұрық-Қазына» АҚ Компаниялар тобының Тауар өндірушілер тізілімінде тұрған сатып алынатын тауарларды тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу; сатып алуды білікті әлеуетті жеткізушілерден жасау. Қоғамда жеткізушіні таңдау келесі тәсілдермен жүзеге асырылады: ашық тендер өткізу (соның ішінде төмендетуге сауда-саттықты пайдалана отырып); баға ұсыныстарын сұрату (соның ішінде төмендетуге сауда-саттықты пайдалана отырып); бәсекелестік келіссөздер арқылы тендер өткізу; бір көзден алу. Қоғам қызметі бағыттарының бірі – әкімшілік ғимараттарды пайдалану. Қоғамның сенімділікпен басқаруында «Жасыл орам» T4 БО әкімшілік ғимараты бар. Ғимараттың жалпы ауданы 32 706,8 ш. м құрайды. Қоғамның меншігінде Мәңгілік ел, 10 мекенжайында орналасқан «Қазына Тауэр» БО әкімшілік ғимараты бар, жалпы ауданы 15 121 ш.м.

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕР ЕТУДІ БАСҚАРУ

Қоғам экологиялық тепе-теңдікті сақтау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттілігін түсіне отырып, қоршаған ортаны қорғау қызметін ағымдағы жұмысының маңызды бөлігі ретінде қарастырады. Құрылыс сапасын бақылау шеңберінде Қоғам құрылыс салушылардың құрылыс алаңдарында түзілетін қоршаған ортаға жанама шығарындыларға мониторинг жүргізеді. Ауа ортасы құрылыс объектінен үлкен теріс әсер көреді. Жағдайды көбінесе құрылыс алаңдарының тұрғын үй құрылысына жақын жерде орналасып, құрылыс салынған аумақтардың атмосфералық ауасына және халықтың денсаулығына теріс әсер ететін ошақтарды құрайтындығы қиындатады. Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары құрылыс алаңының аумағын инженерлік дайындаудан бастап аумақты абаттандыру мен көгалдандыруға де­йінгі құрылыс үдерісінің барлық кезеңдерінде пайда болады. Құрылыс алаңдарында атмосфераны ластау көздері: құрылыс машиналары мен механизмдері – автокрандар, экскаваторлар, грейдерлер, самосвалдар, борттық машиналар, бетон сорғылар және бетон араластырғыштар, катоктар, асфальт төсегіштер, автогудрондауыштар, дизель генераторлары, дәнекерлеу аппараттары, кескіш станоктар, ажарлауыш машиналар және т.б. Қоғамның құрылыс объектілері әртүрлі дәрежеде атмосфераға теріс әсер етеді және бәрінен бұрын бұл орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлеміне байланысты. Қазақстан Республикасының заңнамасы қоршаған ортаға зиянды заттардың эмиссияларын реттейді. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің ережелеріне сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем алынады. Қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтері шегінде және (немесе) одан тыс қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады: ластаушы заттардың шығарылуы; ластаушы заттардың тасталуы; өндіріс және тұтыну қалдықтарының орналастырылуы. Қоғам құрылыс салушылардың объектіні салу кезінде ластануды кешенді бағалауды міндетті түрде жүргізуін және олардың өздеріне алған міндеттемелер мен нормативтерді орындауын қадағалайды. Жұмыс жобаларын зерттеу кезінде қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы ақпарат және экологиялық салдарлар туралы мәлімдемелер талданады. Сонымен қатар, құрылыс салушылардың облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармаларынан объектілерді салу кезінде қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алғанын тексеру жүргізіледі.

КАДРЛАР ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ

Персонал – Қоғамның негізгі активі, оның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі стратегиялық серіктесі. Қоғамның Жалғыз акционері бекіткен портфельдік компанияларда адам ресурстарын басқарудың корпоративтік стандартының негізінде референстік үлгіге сәйкес адам ресурстарын басқару бөлігінде негізгі бизнес-үдерістер жаңартылады. Қызметкерлердің қатыстырылуын бағалау жыл сайын жүргізіледі. 2021 жылы қатыстырылу индексі 86 % (2020 жылы – 63 %) құрады. Бұл көрсеткіш 23 %-ға жақсартылып, оң аймақта тұр. Қоғамның адам ресурстарын басқару бөлігіндегі басым бағыттары – Қоғамның алдында тұрған міндеттерді іске асыру үшін тиісті кәсіби құзыреттілігі бар мамандарға Қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру, құрылыста жобаларды басқару саласындағы құзыреттерді дамыту, инвестициялық жобаларды тарту және іске асыру, Қоғам қызметінің табыстылығын арттыру. Қоғамның кадрлық саясатының маңызды бағыттарының бірі – қызметкерлерді дамыту және қызметкерлерге кәсіби және мансаптық өсу мүмкіндігін беру, қызметкерлердің жоғары еңбек өнімділігінің корпоративтік мәдениетін енгізуге уәждемесін арттыру. Цифрлық технологиялардың дамуын ескере отырып, қашықтықтан оқыту курстары, вебинарлар және жұмыс орнында оқыту сияқты оқыту әдістері белсенді түрде қолданылуда.

Ұйымның ауқымы

Көрсеткіштің атауы

2021 жылғы 1 қаңтарда

2022 жылғы 1 қаңтарда

2020 ж. қарай %-бен

Қызметкерлердің штат саны, барлығы (бір.)

95

95

100,0 %

Нақты саны, барлығы (бір.)

83

88

106,0 %

Орташа тізімдік саны, барлығы (бір.)

109,5

83,9

76,6 %

Қажетті дағдылары мен құзыреттері бар мамандарды тарту мақсатында Қоғамда кадрларды іздеу және іріктеу бойынша ашық конкурстық рәсімдер жүргізіледі. Барлық бос жұмыс орындары «Самұрық-Кызмет» – «QSamruk» корпоративтік сайтында орналастырылады. 2021 жылы 32 қызметкер конкурстық рәсімдер арқылы жұмысқа қабылданды. Барлық үміткерлер «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің порталы арқылы кәсіби білімдерін тестілеу және одан әрі дамуға әлеуетін бағалау рәсімдерінен өтеді.

ЖҰМЫСКЕРЛЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛІЛІГІН БАҒАЛАУ

Қызмет тиімділігіне тұрақты шолулар – 100 %. Басшы қызметкерлер (Басқарма мүшелері) бойынша жылға арналған қызметтің негізгі көрсеткіштерін (ҚНК) Директорлар кеңесі бекітеді, сонымен қатар жыл соңында ҚНК көрсеткіштерін орындау бағаланады. Директорлар кеңесіне бағынатын қызметкерлердің жұмысын (4 қызметкер) жыл басында бекітілген ҚНК негізінде Директорлар кеңесі бағалайды.

Қызметтің негізгі көрсеткіштері әр қызметкердің жылға арналған мақсаттар картасын бекітуі арқылы қызметкерлерге каскадты түрде беріледі. Қызметті бағалау тиімділігіне шолу жарты жылдағы мақсат картасының орындалуына мониторинг жасау және қызметкерлердің бір жылдағы қызметін кешенді бағалау арқылы жүзеге асырылады.

ПЕРСОНАЛДЫ ОҚЫТУ

Кәсіби оқыту үдерісіне қойылатын талаптар Қоғам қызметкерлерін кәсіби оқыту және дамыту қағидаларында реттеледі.

азақстан Республикасында КВИ таратпау және қорғау бойынша карантиндік шаралардың қабылдануына байланысты 2021 жылы қызметкерлерді оқыту онлайн форматта жүргізілді. Қоғамның барлық қызметкерлерін оқытумен қамту және қызметкерлер әзірлеген Жеке даму жоспарларына сәйкес оқу мен даму қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында қызметкерлерге «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің оқыту порталына қолжетімділік қамтамасыз етілді және де Қазақстан Рес­публикасының жетекші оқу орталықтары ұсынатын онлайн курстардан өту мүмкіндігі берілді.

2021 жылғы қызметкерлерді оқыту туралы ақпарат (сағаттар)
302

Қызметкерлерді оқытудың орташа жылдық сағаты

160

Әйелдер

142

Ерлер

84

Басшы және басқарушы қызметкерлер

104

Орта буын жетекшілері

114

Бас менеджерлер мен менеджерлер

ВЗАИМООТНОШЕНИЯ РАБОТНИКОВ И РУКОВОДСТВА

По всем значимым проектам, реализуемым в Обществе, формируется обращение Председателя Правления к работникам. Так, в 2021 году обращение к работникам Общества касалось проектов развития корпоративной культуры, а также проведения опроса по вовлеченности персонала. Вместе с тем в рамках взаимоотношений работников и руководства в Обществе регулярно проводятся:

  • еженедельные аппаратные совещания с участием руководящих работников и руководителей структурных подразделений по вопросам операционной деятельности;
  • полугодовые встречи Председателя Правления со всеми работниками структурных подразделений по вопросам исполнения функциональных задач и достижения утвержденных Карт целей за отчетный период;
  • ежеквартальные встречи руководства с трудовым коллективом в формате «Встречи без галстуков» для обсуждения в неформальной обстановке вопросов, проблем и предложений работников. Установлены часы приема руководством работников по личным вопросам на еженедельной основе.

В Обществе действуют комитеты и рабочие группы для обсуждения и принятия коллегиальных решений по текущим вопросам деятельности Общества.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН БАСШЫЛЫҚТЫҢ ӨЗАРА ҚАТЫНАСТАРЫ

Қоғамда жүзге асырылып жатқан барлық манызды жобалар бойынша Басқарма Төрағасының қызметкерлерге арналған үндеуі қалыптастырылады. Осылайша, 2021 жылы Қоғам қызметкерлеріне арналған үндеу корпоративтік мәдениетті дамыту жобаларына, сондай-ақ персоналды қатыстыру туралы сауалнамаға қатысты болды. Сонымен қатар, қызметкерлер мен басшылық арасындағы қарым-қатынас аясында Қоғамда тұрақты түрде:

  • басшы қызметкерлер мен құрылымдық бөлімшелердің жетекшілерінің қатысумен операциялық қызмет мәселелері бойынша апта сайынғы аппараттық кеңестер;
  • функционалдық міндеттерді орындау мәселелері және есепті кезеңге бекiтiлген мақсат карталарына қол жеткiзу бойынша құрылымдық бөлiмшелердiң барлық қызметкерлерімен Басқарма Төрағасының жартыжылдық кездесулері;
  • қызметкерлердің мәселелерін, қиындықтарын және ұсыныстарын бейресми жағдайда талқылау үшін тоқсан сайын «Галстуксыз кездесулер» форматында басшылықтың еңбек ұжымымен кездесулері өткізіледі. Басшылықтың апта сайынғы негізде қызметкерлерді жеке мәселелері бойынша қабылдау сағаттары белгіленген.

Қоғамда Қоғам қызметінің ағымдағы мәселелерін талқылау және алқалық шешімдер қабылдау үшін комитеттер мен жұмыс топтары әрекет етеді.

УӘЖДЕМЕ ЖҮЙЕСІ

Қоғамның еңбекақы төлеу жүйесі Қоғам қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру қағидаларымен реттеледі, оның мақсаты қызметкерлерді есепті кезеңдегі қызмет нәтижелері үшін көтермелеуге және қызметкерлердің өз мақсаттарына жетудегі тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін еңбек ақысын төлеу жүйесін орнату арқылы Қоғамның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесу болып табылады. 2021 жылы Қоғам қызметкерлерінің еңбекақысының бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау үшін лауазымдарды грейдтеу және еңбекақы нарығына талдау жасалды, басшы және әкімшілік қызметкерлер лауазымдарына белгіленген грейдтерді ескере отырып, еңбекақы төлеу жүйесі енгізілді. Қызметкерлерді әлеуметтік қолдаудың түрлері мен шарттарын айқындайтын Қоғам қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары жаңартылды.

Қоғам қызметкерлеріне әлеуметтік қолдаудың келесі түрлері көрсетіледі:

  • материалдық көмек;
  • өтемақы шығындары;
  • қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін медициналық сақтандыру;
  • фитнес сабақтарына клубтық карталарды сатып алу ақысын Қоғамның аванстық төлемдері арқылы бөліп төлеу мүмкіндігі.

Қоғамда ерлер мен әйелдердің еңбегі үшін бірдей сыйақы беру қарастырылған.

Қызметкерлердің қызметін бағалау нәтижелері бойынша қызметкерлерге жалақының ауыспалы бөлігін төлеуге жоспарланған қаражат шегінде сыйлықақы төлеу түрінде сыйақылар қарастырылған.

Құрылысшылар күні кәсіби мерекесіне және Тәуелсіздік күніне орай Қоғамның үздік қызметкерлері құрмет грамоталары мен төсбелгілермен марапаттауға ұсынылады, оның ішінде мемлекеттік марапаттармен марапаттауға ұсынулар жолданады.

ДЕМЕУШІЛІК ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

«Самұрық-Қазына» АҚ Қайырымдылық саясаты мен Қайы­рымдылық бағдарламасына сәйкес демеушілік және қайырымдылық қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» АҚ Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арқылы жүзеге асырылады. Осы саладағы қызметке қаражат Қоғамның 2021 жылға арналған бюджетінде қарастырылмаған. «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында волонтерлік қозғалысты дамыту шеңберінде Қоғам қызметкерлері волонтерлік қозғалысқа, акциялар мен әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған іс-шараларға белсенді қатысады, мысалы: экологиялық жобаларды іске асыру; білім беру жобалары; Донор күні; сенбіліктер – қоқыс жинау, қар тазалау, көшет отырғызу; кеңсе маңындағы аумақтарды және Есіл ауданындағы үй маңындағы аумақтарды абаттандыру. Сондай-ақ соғыс ардагерлеріне, онкологиялық ауруханада емделіп жатқан балаларға, көп балалы отбасылар мен мүгедектерге әлеуметтік қолдау мен көмек көрсетілді, Қоғам қызметкерлері қайырымдылық акциялары мен іс-шараларына белсенді қатысады.