ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ

Қоғамдағы тәуекелдерді басқару тұрақты және үздіксіз үдеріс болып табылады және ықтимал тәуекелі бар оқиғаларды уақтылы анықтауды және Қоғамның қызметіне және оның мақсаттарына қол жеткізуге теріс әсер етуі мүмкін тәуекелдерді барынша азайту бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етуге арналған. Мұндай оқиғалардың орын алуы сөзсіз болған жағдайда, Қоғам жағымсыз салдарларды азайту үшін барлық қажетті іс-шараларды жүзеге асырады.

Қоғамда тәуекелдерді басқарудың жалпы қабылданған тұжырымдамалық үлгілеріне және Тредвей комиссиясының Демеушілік ұйымдар комитеті (COSO ERM «Ұйымның тәуе­келдерін басқару: қызмет стратегиясымен және тиімділігімен интеграция») әзірлеген ұсыныстарға негізделген тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі (ТБКЖ) жұмыс істейді.

Қоғамдағы ТБКЖ негізгі қағидаттары Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 04 қарашадағы шешімімен бекітілген (№ 145 хаттама) Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау саясатында айқындалған, ол Қоғамның ресми сайтында жарияланған.

Қоғамдағы тәуекелдерді басқару жүйесінің құрылымы Қоғамның келесі органдары мен бөлімшелерін тартумен бірнеше деңгейде тәуекелдерді басқарумен ұсынылған: Директорлар кеңесі, Басқарма, Тәуекелдерді басқару комитеті, Ішкі аудит қызметі, Комплаенс-бақылаушы, тәуекелдерді басқару үшін жауапты құрылымдық бөлімше.

Қоғамда ішкі бақылау жүйесі жұмыс істейді, ол менедж­ментке тәуекелдерді жедел анықтауға және алдын алуға бағытталған шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін және Компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге негізделген орынды сенімділікті қамтамасыз ететін құрал болып табылады.

Қоғамда тұрақты негізде Тәуекелдерді басқару комитетінің отырыстары ұйымдастырылады, есептер тыңдалады және елеулі тәуекелдерді басқару іс-шаралары талқыланады, сондай-ақ ТБКЖ жетілдіру бойынша өткізілген іс-шаралар туралы есептер ұсынылады. Іске асырылған тәуекелдер туралы ақпарат Қоғамның Басқармасына және Директорлар кеңесіне уақтылы жеткізіледі.

Тәуекелдерді басқару жүйесінің құрылымы

ТБКЖ ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ

Қоғамның ТБКЖ – бұл бір үдеріске біріктірілген өзара байланысты элементтердің жиынтығы, оның шеңберінде Директорлар кеңесі, менеджмент және қызметкерлер Қоғамның қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғаларды анықтауға, сондай-ақ осы оқиғаларды тәуекелдің қолайлы деңгейінің шеңберінде басқаруға қатысады.

Қоғам жыл сайын ТБКЖ тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін әзірлейді және жүзеге асырады. ТБКЖ жетілдіру шеңберінде 2021 жылы іс-шаралар өткізілді, оның ішінде:

  • Қоғамның корпоративтік басқаруын жетілдірудің 2021–2022 жылдарға арналған бекітілген жоспарына Қоғамдағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін жетілдіру мен пайдалану жөніндегі іс-шаралар кіргізілді;
  • Қоғамның корпоративтік басқаруын диагностикалау шеңберінде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеу мәселелері бойынша тәуелсіз кеңесшілермен сұхбаттарға қатысу ұйымдастырылды;
  • Тәуелсіз кеңесшілермен Қоғамның корпоративтік басқаруын диагностикалау шеңберінде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуі туралы материалдар ұсынылды, оның нәтижелері бойынша 2022 жылы Қоғамның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін жетілдіру жоспарын жаңарту жоспарлануда;
  • Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне тәуекелдерді басқару мәселелері туралы кеңес беру бойынша жұмыс жүргізілуде; тәуекелдерді үйлестірушілермен есепті кезеңде іске асырылған тәуе­келдерге қатысты мәселелер бойынша кеңес беру өткізілді;
  • Тәуекел мәдениетін арттыру үшін жаңадан қабылданған қызметкерлерге тәуекелдер бойынша кіріспе тренингтер өткізіледі;
  • Тәуекелдерді басқару жүйесінің қағидаттары бойынша қызметкерлердің білімін бағалау үшін тұрақты негізде тестілеулер мен сауалнамалар жүргізіледі;
  • Қоғамның Ішкі бақылау жүйесінің әдістемесі жаңартылды;
  • Іске асырылған тәуекелдер туралы ақпаратты жедел ұсыну мақсатында Жалғыз акционерге Қоғамның тәуекелдері туралы есептілік апта сайын ұсынылады (ақпаратты ұсыну тәртібі мен нысаны);
  • Аяқталған жобалардың тәуекелдік талдауы жүргізілді және ақпараттық сессия өткізілді;
  • Тәуекелдерді басқару комитетінің 2018–2019 жылдар аралығындағы құжаттарына түгендеу жүргізілді, құжаттар Қоғамның мұрағатына тапсырылды.

Тәуекелдерді басқару жүйесін және ішкі бақылау жүйесін жетілдіру жұмыстары 2022 жылы жалғасады.

ЕЛЕУЛІ ТӘУЕКЕЛДЕР

2021 жылы Қоғам елеулі тәуекелдер тізіліміне және картасына 22 тәуекелді енгізді, оның ішінде «Шар-Құрылыс» ЖШС берешекті төлемеу тәуекелі сыни тәуекел болып табылады.

2021 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша тәуекелдер тізілімінде медиативтік келісімді жасасу және бекітілген талаптар бойынша Қоғам алдындағы міндеттемелердің ішінара орындалуы себебінен «Шар-Құрылыс» ЖШС берешекті төлемеу тәуекелі» П-2 тәуекелінің маңыз­дылығын төмендетілді.

Осылайша, 2021 жылдың 2-4 тоқсанында Қоғамның сыни аймақта тұрған тәуекелдері жоқ.

2021 жылы Қоғам тәуекелдер мен оларды іске асырудың салдарын барынша азайту бойынша іс-шаралар жүргізді, оның ішінде:

  • Объектілердің іске асырылуына тұрақты мониторинг жасау, объектілерді аралау, құрылыс салушылармен іске асыру мерзіміне және инвестициялардың қайтарылуына жаңартылған параметрлері бар шарттарға қосымша келісімдер жасасу;
  • Кейіннен сатып алумен жалға беру шарттары бойынша төлемдерді қолмен мониторинг жасау тәуекелдерін азайту үшін жалдау төлемдерін есепке алу жүйе­сін енгізу;
  • Қоғамның меншігіндегі жылжымайтын мүлік объектілеріндегі анықталған ақаулардың жойылуын бақылау және мониторинг жасау;
  • Медиативтік келісімдер шеңберінде міндеттемелерді орындау бойынша контрагенттерден түскен ұсыныс­тарды қарау;
  • Проблемалық дебиторлық берешекті қайтару бойынша жұмыс;
  • Қоғам қызметкерлері арасында COVID-19 таралуын болдырмау үшін қызметкерлерді вакцинациялаумен барынша қамту қамтамасыз етілді, вакцинация пас­порттары алынды. Медициналық рұқсаты бар қызметкерлер апта сайын ПТР тестілеуінен өтеді;
  • Әкімшілік ғимараттарда эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу.

Басқа тәуекелдерді азайту бойынша жоспардың іс-шаралары тұрақты негізде жүзеге асырылады.