ЕСЕП ТУРАЛЫ

Қоғамның 2021 жылға арналған жылдық есебі сан бо­йынша он үшінші болып табылады және жыл сайын корпоративтік есептілікті жариялау тәжірибесін жалғас­тырады. Барлық есептер Қоғамның www.skcn.kz ресми сайтында қолжетімді. Бұл есеп Қоғамның 2021 жылға арналған қаржылық және қаржылық емес есептілігінің интеграциясы болып табылады және Компанияның корпоративтік басқару жүйелері мен тұрақты даму арасындағы байланысты көрсетеді. Есептің тұжырымдамасын әзірлеу кезеңінде мүдделі тараптармен жүргізілген диалогтардың нәтижелеріне, тұрақты даму саласындағы алдыңғы есепке қатысты алынған Директорлар кеңесінің ұсынымдарына мониторинг жүргізілді. Бұл есептің мақсаты оқырмандарды Қоғам қызметіне әсер ететін барлық маңызды оқиғалар туралы хабардар ету болып табылады. Қоғам мүдделі тараптарға стратегиямызды қалай қалыптастырғанымызды, активтерімізді қалай басқаратынымызды, қажетті қаржылық көрсеткіштерге қалай жететінімізді, ұзақ мерзімді келешекте тұрақты қызметті қалай қамтамасыз ететінімізді және біз акционер мен қызметімізге қызығушылық танытатын барлық тараптар үшін жасауға тырысатын құндылықты құру бойынша қалай жұмыс істейтінімізді түсінуге көмектесуді мақсат етеді. Жылдық есептің мақсатты аудиториясы дәстүрлі түрде Компанияның мүдделі тараптарының кең ауқымы болып табылады, оның ішінде қызметкерлер, Жалғыз акционер және Директорлар кеңесі, қатысу аймақтарының тұрғындары, мемлекеттік органдар, қаржы институттары, Қоғамның клиенттері мен серіктестері. Қоғамда кері байланыс алудың әртүрлі арналары жұмыс жасайды. Жылдық есеп бойынша ескертулер мен ұсыныстар «Байланыс ақпараты» бөлімінде көрсетілген телефон және электрондық пошта арқылы қабылданады. Барлық келіп түскен хабарламалар келесі Есеппен жұмыс жасау барысында қарастырылады және ескеріледі. Қызықтыратын мәселелер бойынша Қоғам қызметкерлерінің кеңес беруі өтеді. Кейбір жағдайларда ақпараттың қайталануын болдырмау үшін Жылдық есепте басқа жалпыға қолжетімді құжаттарға сілтемелер беріледі. Деректерді дайындау және ұсыну үдерісінде Қоғам GRI Standards, сондай-ақ қаржылық және өндірістік көрсеткіштер бөлігіндегі қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын қолдануды басшылыққа алады. Жылдық есепке 1-қосымшада мүдделілігі бар Қоғамның мәмілелері және ірі мәмілелері туралы ақпарат, 2-қосымшада – GRI Standards мазмұнының индексі, 3-қосымшада – тәуелсіз аудитордың аудиторлық есебімен 2021 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін шоғырландырылған қаржылық есептілік берілген. Есеп қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бірдей жарияланады. Құжатпен Қоғамның интернет-ресурсында танысуға болады.

Жылдық есеп құрамы­на қосылған 2021 жылға арналған Қоғамның тұрақты даму саласындағы есебі GRI стандарттарына сәйкес дайындалған: негізгі нұсқа. Есеп Қоғамның Басқарма­сында, содан кейін Директорлар кеңесінің отырысында талқыла­нады және Жылдық есеп­тің құрамында бекітіледі. Қоғам жұмыс­керлері мен сыртқы мүдделі тараптардың өкілдері арасында маңызды тақырыптарды жаңарту мақсатында сауалнама жүргізілді. Жүргізілген жұмыстың негізінде маңызды тақырыптардың матрицасы құрастырылды. Ең жоғары ұпай жинаған тақырыптар маңызды деп танылды. Маңызды тақырыптар Есепте толық ашылды, оларды ашуға сілтеме GRI мазмұнының индексінде берілген. 2020 жылға арналған Есепте ашылған аспектілермен салыстырғанда, стейкхолдерлер арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша «Жұмыспен қамту», «Жұмыскерлер мен басшылық арасындағы қарым-қатынас», «Әртүрлілік және тең мүмкіндіктер» тақырыптары маңызды болып белгіленіп, «Сатып алу тәжірибесі», «Инвестициялар», «Денсаулық пен қауіпсіздік талаптары» тақырыптары 2021 жылға арналған Есепте ашу үшін маңызды болудан қалды. Маңыз­ды тақырыптар бойынша ақпарат жинау шекаралары Есепте Қоғамның барлық маңызды әсерлерін сипаттайтындай етіп анықталған. Өткен есепті кезеңмен салыс­тырғанда ақпаратты жинау шекаралары айтарлықтай өзгерген жоқ. Бұл есеп сырттан растаудан өтпеген.