КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ

КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫ

Жарғыға сәйкес, Қоғамның органдарына жататындар:

  1. Жоғары орган – Жалғыз акционер;
  2. Басқару органы – Директорлар кеңесі;
  3. Атқарушы орган – Басқарма.

Қоғам Директорлар кеңесі, Басқарма, Жалғыз акционер және басқа да мүдделі тұлғалар арасындағы өзара қатынастарды орнататын тиімді корпоративтік басқару жүйесін енгізу бойынша шаралар қабылдайды. Осы жүйенің арқасында Қоғам Жалғыз акционердің және оның қызметі әсер ететін басқа да тараптардың мүдделерін қорғай отырып, құндылықты барынша арттыруға бағытталған үздіксіз жұмыс жүргізеді.

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ 2021 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ КОДЕКСІНІҢ ҚАҒИДАТТАРЫН ОРЫНДАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП

Компания үздік әлемдік тәжірибеге негізделіп, дәстүрлі түрде тиімді корпоративтік басқару жүйесін құруға басты рөлді бөледі. Қоғам Корпоративтік басқару кодексінің негізгі қағидаттарын орындауды Компанияның ұзақ мерзімді табысты дамуының, оның инвестициялық тартымдылығын арттырудың қажетті шарты деп санайды.

Корпоративтік басқару кодексінде тұжырымдалған қағидаттар Қоғам үшін өзінің ішкі құжаттарын әзірлеудің маңызды көзі және корпоративтік басқарудың үздік тәжірибесін дамыту бойынша бағдар болып табылады. Қоғам корпоративтік басқару құрылымының Қазақстан Респуб­ликасының заңнамасына және «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес болғанын және басқару органдары арасындағы жауапкершілікті бөлуді нақты анықтағаны қамтамасыз етуге ұмтылады. Корпоративтік басқару қағидаттарын орындау Қоғам қызметіне объективті талдау жүргізудің тиімді тәсілін құруға көмектеседі. Корпоративтік басқару әділдік, адалдық, жауапкершілік, ашықтық, есеп берушілік, айқындық, кәсібилік және құзыреттілік негіздеріне құрылады.

Тиімді корпоративтік басқару құрылымы барлық мүдделі тараптардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеуді қарастырады, Қоғамның табысты жұмыс істеуіне, оның ішінде оның құндылығының өсуіне және нарықтық құнының ұлғаюына, қаржылық тұрақтылық пен табыс­тылықты сақтауға ықпал етеді. Қоғамда корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты шаралар қабылдануда.

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ

Директорлар кеңесі Қоғам қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Директорлар кеңесінің функциялары Қоғамның Даму стратегиясын, Бизнес-жоспарын бекіту, тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету, Қоғамның қаржылық-шаруа­шылық қызметіне бақылау жасау және т.б. болып табылады. 2021 жылы Директорлар кеңесінің құрамында келесі өзгерістер болды:

  1. Жалғыз акционер Басқармасының 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 17/21 шешімімен:
    • қазіргі Директорлар кеңесінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды: «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі Е.Б. Жанаділдің, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі А.К. Мұратбаевтің және тәуелсіз директор Д.В. Ларио­новтың.
    • Директорлар кеңесі үш мүшеден үш жыл өкілеттік мерзіміне сайланды: Айтенов М.Д. – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі болып, Бердіғұлов Е.Қ. – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі болып, Тұрлыбеков Н.С. – тәуелсіз директор болып сайланды.
  2. Жалғыз акционер Басқармасының 2021 жылғы 26 тамыздағы № 36/21 шешімімен:
    • «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі М.Д. Айтеновтың және тәуелсіз директор Н.С. Тұрлыбековтың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.
    • Жалғыз акционер Басқармасының 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 17/21 шешімімен белгіленген өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі Бердіғұлов Е.Қ. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Сандықбаев Б.А. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып, Аманжолов А.А. тәуелсіз директор болып сайланды.

Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамында 3 мүше, олар – тәуелсіз директор, Басқарма Төрағасы және Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі.

Бұл ретте, 2022 жылғы 18 ақпанда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының бетпе-бет отырысы өтті, онда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесінің құрамы туралы келесі шешімдер қабылданды:

  1. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.
  2.  «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Сандықбаев Болатқан Айтқожаұлының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.
  3. Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамына келесі тұлғалар сайланды:
    • Тәжіғалиев Мұхтар Өтепқалиұлы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі болып «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 17/21 шешімімен (№ 17/21 хаттама) белгіленген «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға де­йінгі мерзімге сайланды. Тәжіғалиев Мұхтар Өтеп­қалиұлы – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды.
    • Қорабаев Елжас Қайратұлы АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі болып «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 17/21 шешімімен (№ 17/21 хаттама) белгіленген «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге сайланды.

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ (2021 ЖЫЛҒЫ 31 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША)

БЕРДІҒҰЛОВ ЕРНАТ ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ

Директорлар кеңесінің Төрағасы, Жалғыз акционердің өкілі

Туған күні: 1987 жылғы 3 қыркүйек

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Директорлар кеңесінің құрамына алғашқы сайланған күні: 2021 жылғы 26 сәуір

Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланған күні: 2021 жылғы 26 тамыз

Білімі:

2015–2018 жж., University of Warwick, Іскерлік басқару магистрі;

2011–2012 жж., CIMA дипломы: Операциялар тиімділігін басқару және Бизнес тиімділігін басқару;

2007–2010 жж., University of Toronto, «Қоғамдық саясат және халықаралық қатынастар» мамандығы (бағыты – Халықаралық экономика).

Соңғы 10 жылдағы жұмыс орны және ұйымдарда атқарған лауазымдары:

2021 жылғы сәуірден бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі тең басқарушы директоры (2022 жылғы ақпаннан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі басқарушы директоры);

2019 ж. мамыр – 2021 ж. сәуір, Whiteshield Partners халықаралық консалтингтік компаниясында жоба менеджері (әр жылдары аға аналитик, кеңесші болған);

2018 ж. тамыз – 2019 ж. сәуір, «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару дирекциясының талдаушысы;

2013 ж. қаңтар – 2018 ж. мамыр, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі (қаржы-экономикалық мәселелер бойынша). Сондай-ақ әр жылдары аналитикалық қолдау көрсету департаментінің директоры, стратегиялық даму департаментінің директоры, жобаларды басқару департаментінің директоры болған;

2011 ж. сәуір – 2012 ж. желтоқсан, жоба менеджері, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушы есептілік жүйесін (БҚЖ) енгізу жөніндегі жобалық кеңсесі.

Қосымша жұмыс істеу және ДК-не мүшелік:

«Самұрық-Қазына» АҚ басқа да еншілес ұйымдарының Директорлар кеңесінің құрамында бар.

Компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акциялары жоқ.

САНДЫҚБАЕВ БОЛАТҚАН АЙТҚОЖАҰЛЫ

Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма Төрағасы

Туған күні: 1960 жылғы 6 мамыр

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Директорлар кеңесінің құрамына сайланған күні: 2021 жылғы 26 тамыз

Білімі:

Алматы сәулет-құрылыс институты, «Өндірістік және азаматтық құрылыс», 1986 жыл.

Соңғы 10 жылдағы жұмыс орны және ұйымдарда атқарған лауазымдары:

2018 жылғы қарашадан бастап «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы («Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 06/22 шешімімен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды).

2018 ж. наурыз – 2018 ж. қараша, «Объектілерді салу компаниясы» корпоративтік қорының Бас директоры;

2016–2018 жж., «Астана ЭКСПО-2017 құрылыс дирекциясы», «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Бас директоры;

2009–2016 жж., «Астана-Құрылыс» ҰҚК» АҚ президенті.

«Самұрық-Қазына» АҚ басқа да еншілес ұйымдарының Директорлар кеңесінің құрамында жоқ.

Компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акциялары жоқ.

АМАНЖОЛОВ АҚТАН АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор

Туған күні: 1975 жылғы 30 тамыз

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Директорлар кеңесінің құрамына сайланған күні: 2021 жылғы 26 тамыз

Білімі:

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, КЭБ (кәсіпорындағы экономика және басқару);

MBA, Іскерлік басқару магистрі;

Сертификатталған жоба директоры, IPMA Level A.

Соңғы 10 жылдағы жұмыс орны және ұйымдарда атқарған лауазымдары:

1995–2019 жж., BI-Group, соның ішінде:

2007–2019 жж., ӨАҚ өнеркәсіп дивизионының Бас директоры;

2006–2019 жж., «АБК Құрылыс 1» ЖШС Бас директоры;

«Құрмет» ордені, Қазақстанның Құрметті құрылысшысы.

«Smart Stom цифрлық стоматология орталығы» ЖШС 100 % және «Вавилон НВ» ЖШС (құрылыс материалдарын өндіру) 50 % қатысу үлесін иеленеді.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ акцияларын иеленбейді.

ДИРЕКТОРЛАР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ КРИТЕРИЙЛЕРІ

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Жарғысының 29-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелері; Директорлар кеңесінің Төрағасын сайлау, сондай-ақ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеудің мөлшері мен талаптарын айқындау Жалғыз акционердің айрықша құзыретіне жатады.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 1-бабының 20-тармағына, Жарғыға және Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес «тәуелсіз директор» Директорлар кеңесінің мүшесі болып айқындалады, ол:

  • Қоғамның үлестес тұлғасы болып табылмайды;
  • өзі Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай тұлға болмаған (оның осы акцио­нерлік қоғамның тәуелсіз директоры қызметінде болған жағдайды қоспағанда);
  • Қоғамның үлестес тұлғаларына қатынасы жөнінен үлестес тұлға болып табылмайды; Қоғамның немесе осы Қоғам ұйымының үлестес тұлғаларының лауазымды адамдарына бағынышты емес;
  • Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде сол тұлғаларға бағынышты болмаған;
  • Қоғамның аудиторы болып табылмайды және өзі Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай аудитор болмаған;
  • аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде Қоғамның аудитіне қатыспайды және өзі Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде осындай аудитке қатыспаған;
  • мемлекеттік қызметші болып табылмайды;
  • қоғам органдарының отырысында Жалғыз акционердің өкілі болып табылмайды және өзі Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай өкіл болмаған.

Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелері Қоғамның Директорлар кеңесін басқа ұйымдардағы және Директорлар кеңесі мүшелерінің лауазымдарында қосымша жұмыс істеуі туралы алдын ала хабардар етеді.

Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелері Қоғамның бәсекелестері болып табылатын ұйымдарда Директорлар кеңесінің мүшесі бола алмайды және атқарушы лауазымдарды атқара алмайды.

Жалғыз акционер Басқармасының 2021 жылғы 26 тамыз­дағы № 36/21 шешімімен Қоғамның тәуелсіз директоры болып Аманжолов А.А. сайланды. Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор мен Қоғам арасындағы өзара қатынастар Қоғам атынан Қоғамның Директорлар кеңесі Төрағасының 2021 жылғы 26 тамызда жасалған келісімімен реттеледі.

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУ

Директорлар кеңесінің қызметін бағалау Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 130 шешімімен бекітілген, 2019 жылғы 8 қарашадағы № 149 өзгерістері мен толықтыруларымен, Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің, Директорлар кеңесі Төрағасының, мүшелерінің және Корпоративтік хатшының қызметін бағалау саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы Саясатқа сәйкес Директорлар кеңесі бағалауды кеңесшіні тарта отырып, сауалнамалар мен сұхбаттар арқылы немесе аралас тәсілді пайдалана отырып жүргізе алады: үдерісті кеңесші үйлестіре отырып, өз күшімен. Жалғыз акционер де өз бағасын дербес немесе кеңесшінің қатысуымен жүргізе алады.

Тәуелсіз бағалау кемінде үш жылда бір рет жүргізіледі. Бұл ретте, егер есепті кезеңде Қоғамда тәуелсіз кеңесшілерді тарта отырып, корпоративтік басқару диагностикасы жүргізілсе, үдерістердің қайталануын болдырмау мақсатында сол есепті кезең үшін бөлек бағалау жүргізудің қажеті жоқ.

2021 жылы Жалғыз акционер ұқсас халықаралық ұйым­дарға қарай корпоративтік басқару тәжірибесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар беру мақсатында «PricewaterhouseCoopers» ЖШС тәуелсіз кеңесшілерінің күшімен Қоғамдағы корпоративтік басқарудың сыртқы диагностикасын жүргізді. Сыртқы кеңесшінің бағалауды аяқтауы нәтижесінде одан әрі жетілдіру бойынша ұсы­ныс­тар берілді.

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ МҮШЕЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ

Қоғамда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру және Қоғамның Директорлар кеңесінің сыртқы сарапшыларды тарту саясаты бар, ол Директорлар кеңесі мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін олардың біліктілігін арттыру және сырт­қы сарапшыларды тарту бөлігінде айқындайды.

Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттырудың 2021 жылға арналған жоспарына, сондай-ақ Қоғамды корпоративтік басқаруды жетілдірудің 2021–2022 жылдарға арналған жоспарына сәйкес, 2021 жылғы ақпанда Қоғамның Директорлар кеңесінің барлық мүшелері «Қазақстанда құрылыс қызметін жүргізу» тақырыбындағы оқыту семинарына қатысты және 2021 жылғы желтоқсанда тәуелсіз директор да «Құрылыстағы инвестициялық жобаларды басқару» семинарына қатысты.

Директорлар кеңесінің қызметі бекітілген жылдық жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырылады.

2021 жылы Қоғамда Директорлар кеңесінің 12 бетпе-бет отырысы өткізілді (№ 156–167 отырыстар). Қоғам қызметінің негізгі аспектілері бойынша барлығы 111 мәселе қаралды.

2020 жылдың сәуірінен бастап, COVID-19 пандемиясынан туындаған әлемдік экономикалық және қаржылық жағдайдың нашарлауына байланысты шығындарды оңтайландыру мақсатында 2020–2021 жылдар аралығында Директорлар кеңесінің көшпелі отырыстарын өткізу тәжірибесін қысқарту туралы Қордың шешімі негізінде Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырыстары жартылай бейнеконференция арқылы өтті. Директорлар кеңесі туралы ережеге сәйкес, Директорлар кеңесінің бір немесе бірнеше мүшесінің Директорлар кеңесінің отырысына жеке қатысу мүмкіндігі болмаған жағдайда, олар техникалық байланыс құралдарын пайдалана отырып, қаралатын мәселелерді талқылауға қатыса алады (яғни, бейнеконференция сеансы, телефондық конференция байланысы режимінде және т.б.). Бұл тәжірибені 2022 жыл бойы жалғастыру жоспарлануда.

Директорлар кеңесі мүшелерінің 2021 жылы директорлар кеңесі отырыстарына қатысуы:

Директорлар кеңесінің мүшесі

Тәуелсіз

ДК отырыстарына қатысуы

Бердіғұлов Е.Қ.

жоқ

11-нен 11***

Сандықбаев Б.А.

жоқ

5-нен 5***

Аманжолов А.А.

иә

5-нен 5***

Айтенов М.Д.

нет

6-нан 6**

Тұрлыбеков Н.С.

иә

6-нан 6**

Жанаділ Е.Б.

жоқ

1-нен 1*

Ларионов Д.В.

иә

1-нен 1*

Мұратбаев А.К.

жоқ

1-нен 1*

* «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 17/21 шешіміне сәйкес өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды

** «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 17/21 шешіміне сәйкес Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамына сайланды, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2021 жылғы 26 тамыздағы № 36/21 шешіміне сәйкес өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды

*** «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2021 жылғы 26 тамыздағы № 36/21 шешіміне сәйкес Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІМЕН 2021 ЖЫЛЫ ҚАРАЛҒАН НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР

Директорлар кеңесінің 2021 жылғы отырыстарында оның құзыретіне жататын қызметтің стратегиялық және ағымдағы мәселелері қаралды.

Директорлар кеңесінің шешімімен келесі негізгі мәселелер қаралды және бекітілді:

  • 2022–2026 жж. арналған Бизнес-жоспар;
  • 2021–2030 жж. арналған қаржы стратегиясы;
  • «Samruk-Kazyna Construction» Қоғамының 2020 жылға арналған аудиттелген жылдық қаржылық есебі (шоғырландырылған және жеке);
  • «Samruk-Kazyna Construction» АҚ шығарылуға жататын стратегиялық емес активтердің тізбесін бекіту;
  • Алматы қ. «Ақкент» ықшамауданында тұрғын үй орамын, Атырау қ. «Француз орамы» тұрғын үй кешенін, «SARANDA» VIP-қалашық тұрғын үй кешенін, Түркістан қ. «Yassy Tower» кеңсе ғимаратын салу;
  • «Samruk-Kazyna Construction» АҚ облигацияларының шығарылымын бекіту, оларды шығару талаптарын айқындау, қарыздық қаржыландыруды тарту мақсатында, оның ішінде «Энергоинформ» АҚ-мен мүлікті тапсыру шарты бойынша жер телімін игеру үшін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ міндеттемелерін меншікті капитал мөлшерінің он және одан да көп па­йызына тең шамаға өтелген және ұлғайтылған кезде облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуін төлем алу талаптарын айқындау;
  • Жобалау және құрылыс сатысында компаниялардың үлестерін сенімділікпен басқару шеңберінде Қоғамның Директорлар кеңесі, пайда алу, Су өңдеу қондыр­ғысының қалдықтарын кәдеге жарату шығындарын үнемдеу және аймақ экологиясына түсетін салмақты азайту мақсатында, «Karabatan Utility Solutions» ЖШС тиесілі «Су өңдеу және ағындарды тазарту қондырғысы, 1-кезегі» объектісінің аумағында «Қалдықтарды қайта өңдеу және шаруашылық-ауыз су өндірудің бірлескен кәсіпорны» маңызды инвестициялық жобасын іске асыру туралы шешім қабылдады;
  • 2021–2022 жж. арналған Корпоративтік басқаруды жетілдіру жоспарын бекіту;
  • Қоғамның 2018–2028 жылдарға арналған Кадр саясатын іске асыру барысы және 2020 жылға арналған Кадр саясаты бойынша ҚНК орындалуы туралы ақпаратты қарау;
  • «Samruk-Kazyna Construction» АҚ 2020 жылға арналған жылдық есебін, оның ішінде GRI нұсқаулығына сәйкес әзірленген тұрақты даму саласындағы есепті бекіту;
  • Қоғамның 2020 жылға арналған Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерін орындауы туралы есепті бекіту;
  • Қоғамның Директорлар кеңесі мен Корпоративтік хатшысының 2020 жылғы қызметі туралы есебін қарау, сондай-ақ Директорлар кеңесінің тапсырмаларына тұрақты мониторинг жүргізу;
  • Қоғамның 2019–2020 жж. Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі Төрағасының, мүшелерінің және Корпоративтік хатшының қызметін бағалау нәтижелері туралы есепті тыңдау;
  • 2020 жылғы нақты мәндері бар Қоғамның басшы қызметкерлері қызметінің негізгі көрсеткіштерінің карталарын, 2021 жылдың 2-жартыжылдығына басшы қызметкерлер қызметінің негізгі көрсеткіштерінің уәждемелік карталарын (бұдан әрі – ҚНК) бекіту. Басшы және басқарушы қызметкерлердің 2022 жылға арналған ҚНК карталарын бекіту Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес қаржы жылы басталғанға дейін жүргізілді;
  • Қоғамның Ішкі аудит қызметінің, Комплаенс-бақылау­шының, Корпоративтік хатшының болжамды кезеңге мақсаттық карталарын бекіту және олардың есепті кезеңдегі қызметін бағалау;
  • 2021 жыл ішінде Қоғамның орталық аппаратының ұйым­дық құрылымы қайта қаралды;
  • Басқарманың 4 (төрт) мүшесі санында Басқарма құрамын анықтау және жалпы Басқарманың өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 26 қарашадағы № 165 шешімімен Қоғам Басқармасының (Басқарма Төрағасын қоспағанда) өкілеттік мерзімі белгіленді – 2021 жылғы 27 қарашадан бастап 3 (үш) жыл, 2021 жылғы 27 қарашадан бастап Сатып алу және объектілерді басқару жөніндегі басқарушы директор, Операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директор, Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор Қоғам Басқармасының мүшелері болып жоғарыда аталған мерзім өткенге дейін өкілеттік мерзімді белгілеумен сайланды, сонымен қатар 2021 жылғы 29 қарашадан бастап өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Жобалау және құрылыс жөніндегі басқарушы директор – Қоғам Басқармасының мүшесінің өкілеттіктері тоқтатылды;
  • грейдтеу шеңберінде ұйымдық құрылымның өзгеруіне байланысты лауазымдардың сипаттамасын және бағалауын бекіту, сондай-ақ басшы қызметкерлер мен Директорлар кеңесіне есеп беретін қызметкерлердің лауазымдық жалақысының мөлшерін белгілеу.

ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ:

  • тоқсан сайынғы Тәуекелдерді басқару есептерін қарау;
  • Қоғамның контрагент банктерінің міндеттемелері бойынша шектерді белгілеу;
  • Қоғамның тәуекелдер тізілімін, тәуекелдер картасын бекіту және оларды өзгерту;
  • болжамды жылға тәуекелдік тәбетін, төзімділік деңгейлерін және негізгі тәуекел көрсеткіштерін бекіту;
  • «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да Қазақстан Рес­пуб­ликасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының сақталуын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту;
  • «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын жаңа редакцияда бекіту;
  • 2021 жылдың желтоқсанында Комплаенс-бақылаушы Директорлар кеңесіне, Басқармаға және Директорлар кеңесіне есеп беретін құрылымдарға Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты мен Жүріс-тұрыс кодексін (сыбайлас жемқорлық мәселелері туралы) Қоғамда қолдану және сақтау бойынша шолу-оқыту өткізді.

СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ:

  • жылдық аудиторлық жоспарды бекіту;
  • Қоғамның Ішкі аудит қызметінің бюджетін бекіту;
  • Ішкі аудит қызметінің есептерін қарау;
  • Ішкі аудит қызметімен Директорлар кеңесінің жабық отырысын өткізу. Бұл отырыстар Директорлар кеңесінің күн тәртібінің шеңберінде жоспарланған. Сондай-ақ Ішкі аудит қызметінің бас аудиторы А.С. Искаковтың өкілеттіктерін 2021 жылғы 29 қазаннан бастап үш жылға ұзарту мәселесі қаралды;
  • 2021 жылы сыртқы аудитордың Директорлар кеңесімен кездесулері өткізілді. Сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 166 отырысында Қоғамның сыртқы аудиторының 2021 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылға арналған Қоғамда аудит жүргізуді жоспарлау туралы есебі тыңдалды;
  • «Samruk-Kazyna Construction» АҚ аудиторлық ұйым­дардың қызметтерін тарту саласындағы саясатын жаңа редакцияда бекіту.

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ КОМИТЕТТЕРІ

Директорлар кеңесінің қызметін қолдау мақсатында Қоғамда келесі комитеттер құрылды, олардың міндеттеріне өздерінің функционалдық міндеттері шеңберінде мәселелерді қарау және белгілі бір мәселе бойынша ұсынымдар әзірлеу кіреді:

  • Аудит комитеті;
  • Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитет;
  • Стратегиялық және инвестициялық мәселелер жөніндегі комитет.

Директорлар кеңесі жанындағы комитеттер туралы ережелерге сәйкес комитеттердің әрқайсысы жасалған жұмысы туралы есепті Директорлар кеңесіне жыл сайынғы негізде береді. 2021 жылы Директорлар кеңесі мүшелерінің санының өзгеруіне байланысты Комитеттердің отырыстары өткізілмеді.

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНЕ ЖӘНЕ БАСҚАРМА МҮШЕЛЕРІНЕ СЫЙАҚЫ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелері, тәуелсіз директорларды қоспағанда, өз қызметін өтеусіз негізде жүзеге асырады. Тәуелсіз директорларға сыйақы беру тәртібі «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларының директорлар кеңесінің құрамын қалыптастыру қағидаларына сәйкес айқындалады. 2021 жылы тәуелсіз директорларға төленген сыйақы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін 5 564 383,56 теңгені құрады.

БАСҚАРМА

Қоғамның ағымдағы қызметіне басшылықты Басқарма Төрағасы басқаратын Басқарма нысанындағы алқалы орган жүзеге асырады. Басқарманың қызметі Жалғыз акционердің мүдделерін барынша сақтауға, сондай-ақ Қоғамның міндеттерін орындауға және оның стратегия­сын жүзеге асыруға бағытталған. Басқарма жұмысын ұйымдастыру, оның отырыстарын шақыру және өткізу тәртібі, шешімдер қабылдау тәртібі Қоғамның Басқармасы туралы ережеде айқындалады. Басқарма қызметінің негізгі қағидаттары: адалдық, риясыздық, парасаттылық, сақтық, жүйелілік. Басқарма бетпе-бет дауыс беру түрінде жүйелі отырыстарын өткізеді. Басқарма жанында 3 комитет жұмыс істейді: Қызметі жоспарлау және бағалау комитеті, Тәуекелдерді басқару комитеті, Тұрақты даму комитеті.

Бұл ретте «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 06/22 шешімімен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Сандықбаев Болатққан Айтқожаұлының өкілеттіктері, сондай-ақ онымен еңбек қатынастары мерзімінен бұрын тоқтатылды және «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 24 ақпандағы № 13/22 шешімімен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы болып Айманбетов Мәулен Зарлықұлы келісіліп, тағайындалды.

Сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы шешімімен Мұсанов Дархан Қалқабайұлының Сатып алу және объектілерді басқару жөніндегі басқарушы директор – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма мүшесі ретіндегі өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды, 2022 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарты бұзылды.

БАСҚАРМА МҮШЕЛЕРІ (2021 ЖЫЛҒЫ 31 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША)

САНДЫҚБАЕВ БОЛАТҚАН АЙТҚОЖАҰЛЫ

Басқарма Төрағасы

Туған күні: 1960 жылғы 6 мамыр

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Басқарма құрамына сайланған күні: 2018 жылғы 27 қараша

Білімі:

Алматы сәулет-құрылыс институты, «Өндірістік және азаматтық құрылыс», 1986 жыл

Жұмыс тәжірибесі:

2018 жылдан бастап «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы («Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 06/22 шешімімен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды);

2018 жыл – «Объектілерді салу компаниясы» корпоративтік қорының бас директоры;

2016–2018 жж. – «Астана ЭКСПО-2017 құрылыс дирекциясы», «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ бас директоры;

2009–2016 жж. – «Астана-Құрылыс» ҰҚК» АҚ президенті.

Компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акциялары жоқ.

УАЛИ МАХАББАТ ЖҰМАБЕКҰЛЫ

Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор – Басқарма мүшесі

Туған күні: 1982 жылғы 19 желтоқсан

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Басқарма құрамына сайланған күні: 2021 жылғы 4 мамыр

Білімі:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ), Алматы қ., экономика және құқық факультеті, 2006 жыл – бакалавриат және магистратура.

Жұмыс тәжірибесі:

2021 жыл – қазіргі уақытқа дейін – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма мүшесі;

2020–2021 жж. – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Сатып алуды санаттық басқару департаментінің директоры;

2015–2020 жж. – «Karabatan Utility Solutions» ЖШС Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі;

2014–2015 жж. – «Karabatan Utility Solutions» ЖШС бас директорының м.а.;

2014–2015 жж. – «Біріккен химиялық компания» ЖШС инвестициялық жобаларды дамыту дирекциясы қызметінің басшысы;

2010–2013 жж. – «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС мемлекеттік органдармен, қаржы институттарымен және халықаралық инвесторлармен өзара іс-қимыл департаментінің бас менеджері;

2008–2010 жж. – «KEGOC» Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы» АҚ (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» Жобаларды басқару департаментінің бас маманы;

2007 жыл – «Еуразиялық банк» АҚ ШОБ Несиелеу департаментінің жетекші маманы.

Компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акциялары жоқ.

«Karabatan Utility Solutions» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі болып табылады.

«Самұрық-Қазына» АҚ басқа еншілес ұйымдарының Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылмайды.

МҰСАНОВ ДАРХАН ҚАЛҚАБАЙҰЛЫ

Сатып алу және объектілерді басқару жөніндегі басқарушы директор – Басқарма мүшесі

Туған күні: 1984 жылғы 28 қаңтар

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Басқарма құрамына сайланған күні: 2020 жылғы 25 тамыз

Білімі:

Абай атындағы ҚазҰПУ (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), заң факультеті, 2006 жыл.

Жұмыс тәжірибесі:

2020 ж. – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Сатып алу және объектілерді басқару жөніндегі басқарушы директоры – Басқарма мүшесі («Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 168 шешімімен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Сатып алу және объектілерді басқару жөніндегі басқарушы директоры – Басқарма мүшесі өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды);

2019–2020 жж. – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Сатып алу және объектілерді пайдалану департаментінің директоры;

2018–2019 жж. – «Объектілерді салу компаниясы» корпоративтік қорының материалдық-техникалық жабдықтау департаментінің директоры;

2016–2018 жж. – «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ «Астана ЭКСПО-2017 құрылыс дирекциясы» филиалының материалдық-техникалық жабдықтау департаментінің директоры;

2011–2016 жж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Штаттағы құрама командалар және спорттық резерв дирекциясы» РМҚК мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы;

2009–2011 жж. – «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ Құқықтық және кадрлар жұмысы басқармасының заң бөлімінің бас маманы;

2009 жыл – «Алматы вагон жөндеу зауыты» АҚ Директорлар кеңесінің корпоративтік хатшысы;

2007–2009 жж. – «Алматы вагон жөндеу зауыты» АҚ заң бөлімінің бас маманы, заң кеңесшісі.

Қоғамдық жұмыс: Нұр-Сұлтан қ. Велоспорт федерациясының президенті.

Компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акциялары жоқ.

«Самұрық-Қазына» АҚ басқа еншілес ұйымдарының Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылмайды.

ІЛИЯС МАРАТ ЖАҒЫПАРҰЛЫ

Операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директор – Басқарма мүшесі

Туған күні: 1985 жылғы 10 наурыз

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Басқарма құрамына сайланған күні: 2020 жылғы 25 тамыз

Білімі:

Қазақ гуманитарлық заң университеті, заң факультеті – 2007 жыл, мамандығы – құқықтану;

Қарағанды «Болашақ» университеті, академиялық дәрежесі – заң ғылымдарының магистрі, 2012 жыл.

Жұмыс тәжірибесі:

2020 жыл – қазіргі уақытта – Операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директор – Басқарма мүшесі;

2018–2020 жж. – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Әкімшілік-құқықтық департаментінің директоры;

2018 жыл – «Объектілерді салу компаниясы» КҚ Әкімшілік-құқықтық департаментінің директоры;

2017–2018 жж. – «Астана ЭКСПО-2017 Құрылыс дирекциясы» филиалының құқықтық қамтамасыз ету және еңбекті қорғау қызметінің басшысы;

2016–2017 жж. – «Астана ЭКСПО-2017 құрылыс дирекциясы» филиалының Әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас менеджері;

2015–2016 жж. – «Астана ЭКСПО-2017 құрылыс дирекциясы» филиалының Әкімшілік-құқықтық бөлімінің менеджері;

2014–2015 жж. – Әуезов ауданы прокурорының көмекшісі, Алматы қ. прокуратурасы;

2012–2014 жж. – Алматы қ. бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күресу департаментінің (қаржы полициясы) көлеңкелі экономика саласындағы қылмыстарды ашу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы, Сыбайлас жемқорлық істерін ашу және алдын алу басқармасының 2-бөлімінің аға инспекторы;

2009–2012 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Кадрлар және ішкі қауіпсіздік басқармасының сарапшысы (бастығының міндетін атқарушы);

2009 жыл – Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау басқармасының сарапшысы;

2008–2009 жж. – «BET and Com» ЖШС директордың заң мәселелері жөніндегі орныбасары;

2007–2008 жж. – «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік ғимаратының дирекциясы» РМҚК ұйымдастыру-кадрлар басқармасының сарапшысы, құқықтық жұмыс, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету секторының меңгерушісі, кеңесшісі.

Компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акциялары жоқ.

«Самұрық-Қазына» АҚ басқа еншілес ұйымдарының Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылмайды.

2021 ЖЫЛҒЫ БАСҚАРМА ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕСЕП

2021 жылы Басқарманың 38 отырысы бетпе-бет тәртіппен өткізіліп, онда 247 мәселе бойынша шешім қабылданды.
БАСҚАРМА МҮШЕЛЕРІНІҢ 2021 ЖЫЛЫ БАСҚАРМА ОТЫРЫСТАРЫНА ҚАТЫСУЫ

Басқарма мүшесі

Басқарма отырыстарына қатысуы

Сандықбаев Б.А.

38-нен 38

Ілияс М.Ж.

34-нен 34

Уали М.Ж.

26-нан 26*

Құсайынов А.А.

33-нен 33**

Мұсанов Д.К.

36-нан 36

Досжанов Д.К.

12-нен 12***

* Қоғамның Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 157 шешімімен Басқарма мүшесі болып сайланды.

** Қоғамның Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 26 қарашадағы № 165 шешіміне сәйкес Басқарма мүшесінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.

*** Қоғамның Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 157 шешіміне сәйкес Басқарма мүшесінің өкілеттіктері тоқтатылды.

БАСҚАРМА 2021 ЖЫЛЫ ҚАБЫЛДАҒАН НЕГІЗГІ ШЕШІМДЕР:

  • Қоғамның 2020–2024 жж. арналған Бизнес-жоспарының атқарылуы туралы есептер, оның ішінде 2020 жылға арналған Жылдық бюджеттің атқарылуы туралы есеп және «Samruk-Kazyna Construction» АҚ қаржылық есептілігін егжей-тегжейлі талдау мәселелері бойынша;
  • «Samruk-Kazyna Construction» АҚ 2022–2026 жылдарға арналған Бизнес-жоспарын бекіту туралы;
  • «СК Девелопмент» ЖШС 2022 жылға арналған Бизнес-жоспарының және Жылдық бюджетінің жобасын мақұлдау мәселесі бойынша;
  • «Samruk-Kazyna Construction» АҚ 2021–2030 жж. арналған қаржылық стратегиясын мақұлдау мәселесі бойынша;
  • «Samruk-Kazyna Construction» АҚ 2020 жылға арналған аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін (шоғырландырылған және жеке) мақұлдау мәселесі бойынша;
  • құрылыс жобаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша;
  • инвестициялық жобаларды іске асыру үдерісінде туындайтын мәселелер бойынша;
  • уақытша бос ақшаны орналастыру бойынша;
  • коммерциялық үй-жайлар мен тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді жалға беру бағасы мен құнын бекіту туралы;
  • «СК Девелопмент» ЖШС жарғылық капиталындағы 49 % қатысу үлесін сатуды алдын ала мақұлдау бо­йынша;
  • «Нұр-Сұлтан қ. 2 – Мыңжылдық аллеясында көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы», «Ақтөбе қ. «Бавария-2» тұрғын үй кешенінің құрылысы», «Алматы қ. «Ақкент» ықш. тұрғын үй орамының құрылысы», «Атырау қ. «Француз орамы» тұрғын үй кешенінің құрылысы», «Нұр-Сұлтан қ. «Saranda VIP-қалашығы» тұрғын үй кешенінің құрылысы», «Нұр-Сұлтан қ. ЭКСПО ауданындағы тұрғын үй кешенінің құрылысы» инвестициялық жобаларын іске асыру мәселелері бойынша;
  • «Нұр-Сұлтан қ. керамикалық санитарлық фаянс, шыны мақта және газ блоктарын (еуроблоктар) шығаратын зауыттар салу» жобасының тұжырымдамасын алдын ала мақұлдау мәселесі бойынша;
  • «Сыртқы электрмен жабдықтау. 220 кВ ӘЖ мен 220 кВ ҚС, БГТЭС-тен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС ОТҚ-3 АТҚ дейін электрмен жабдықтаудың екінші тә­уелсіз көзін салу» жобасын іске асыруды алдын ала мақұлдау мәселесі бойынша;
  • кейіннен Қоғамның Директорлар кеңесінің қарауына жіберілетін мәселелер мен ішкі нормативтік құжаттарды алдын ала қарау және бекіту туралы;
  • жарғылық капиталдағы үлестері, акциялары «Samruk-Kazyna Construction» АҚ сенімділікпен басқаруына тапсырылған ұйымдардың қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жататын қызмет мәселелері бойынша;
  • Қоғамның және оның еншілес ұйымдарының қызметін реттейтін ішкі құжаттарды, оның ішінде: штат саны мен ұйымдық құрылымды мақұлдау және бекіту туралы;
  • «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма құрамын өзгерту мәселесі бойынша;
  • «Samruk-Kazyna Construction» АҚ қазынашылық портфелінің негізгі параметрлерін мақұлдау мәселесі бо­йынша;
  • Қоғамның құрылымдық бөлімшелері туралы ереже;
  • Дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімдер;
  • Еңбек тәртібі қағидалары;
  • Әкімшілік-басқару персоналын іздеу және іріктеу қағидалары;
  • Комплаенс тәуекелдерін басқару саясаты;
  • Жобаларды басқару үшін сыйақы беру саясаты;
  • «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тұрғын үй/тұрғын үй емес (коммерциялық) құрылыс жобаларын таңдау және қарау саясаты;
  • «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты;
  • Негізгі тәуекел көрсеткіштеріне ай сайынғы негізде мониторинг жүргізу;
  • 2021 жылға арналған бірінші кезектегі сатып алулар тізбесін бекіту және т.б.

ІШКІ АУДИТ

Қоғамда ішкі аудит функциялары ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару функцияларынан бөлінген ішкі аудиттің жалпы танылған үлгісі бар. Ішкі аудит адалдық пен тәуелсіздікті қамтамасыз ететін арнайы функционалдық-әкімшілік бағыну және есеп беру режимінде болады. Ішкі аудит қызметі аудиторлық тексерулер мен кеңес берулер барысында ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалау мен арттыруға жүйелі әрі дәйекті тәсілді қолдану арқылы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жәрдемдесу үшін құрылған және Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп береді.

Ішкі аудит қызметі өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды жүзеге асырады:

  • Қоғамдағы ішкі бақылау жүйесінің барабарлығы мен тиімділігін бағалайды;
  • Қоғамда тәуекелдерді бағалау әдістемесі мен тәуекелдерді басқару рәсімдерін қолданудың толықтығын және тиімділігін бағалайды;
  • қабылданған корпоративтік басқару қағидаттарын, Қоғамның тиісті этикалық стандарттары мен құндылықтарын жүзеге асырылуын және сақталуын бағалайды және т.б.

Директорлар кеңесі Ішкі аудит қызметінің тәуекелге бағдарланған Жылдық аудиторлық жоспарын, сондай-ақ Ішкі аудит қызметі мен оның басшысының қызметінің негізгі көрсеткіштерін жыл сайын бекітеді. Ішкі аудит қыз­метінің есебі Қоғамның Директорлар кеңесіне тоқсан сайынғы және жыл сайынғы негізде ұсынылады. Ішкі аудит қызметі өз қызметінде Халықаралық ішкі аудиторлар институты қабылдаған, қолданыстағы Халықаралық кәсіби ішкі аудит стандарттарын және Ішкі аудиторлардың әдеп кодексін ескереді және Қоғамда бекітілген ішкі аудит жөніндегі жергілікті нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады. 2021 жылы Ішкі аудит қыз­меті 12 жоспарлы тапсырманы және 3 жоспардан тыс аудиторлық тапсырманы және кеңес беруді орындады. Жүргізілген бағалау және аудит нәтижелері бойынша Ішкі аудит қызметі өз құзыретіндегі кез келген мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар мен түсініктемелер әзірлейді. Біліктілікті арттырудың жылдық жоспарына сәйкес Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері біліктілігін жетілдіру және арттыру мақсатында семинар мен тренингтерден өтті. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері Қазақстан Рес­публикасы Ішкі аудиторлар институты мүшелерінің кездесулеріне тұрақты түрде қатысады.