ЖЫЛДЫҢ МАҢЫЗЫ БАР ОҚИҒАЛАРЫ2021

Наурыз

Қоғам «Астана» халықаралық қаржы орталығының «Astana International Exchange» (AIX) биражасында облигациялар шығарды. Шығарылымның ұйымдастырушысы Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) болды. Шығарылым көлемі – 2 млрд ресей рублі, облигациялардың айналыс мерзімі – 21 айға дейін, купонның мөлшерлемесі – жылдық 8,0 %. Облигациялардың листингі 2020 жылдың 15 наурызында жасалды. Шығарылымның барлық көлемі 2021 жылдың 16 наурызында «exempt offer» арқылы орналастырылды. Облигацияларды орналастыру нәтижесінде алынған қаражат Қоғамның инвестициялық жобаларын қаржыландыруға бағытталды.

2021 жылғы 31 наурызда «Бавария» тұрғын үй кешені – 2-кезегі (меншікті тіркеу күні – 2021 жылғы 22 мамыр) пайдалануға берілді.

Сәуір

2021 жылғы 29 сәуірде, «Karabatan Utility Solutions» ЖШС сенімділікпен басқару шеңберінде «Сыртқы сумен жабдықтау» жобасы бойынша ҚМЖ аяқталып, Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылды.

Шілде

2021 жылғы 15 шілдеде Қоғам Жалғыз акционердің 2021 жылғы 17 мамырдағы № 20/21 шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес компанияларға қатысты дивидендтік саясатына сәйкес 1 019 776 510,95 теңге мөлшерінде дивидендтер төледі. Қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері 62,76498 теңгені құрайды.

Қыркүйек

ISIN KZX000000633 облигациялары бойынша купондық сыйақыны төлеу.

Қазан

2021 жылғы 6 қазанда Fitch Ratings компания­ның шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді эмитент дефолт рейтингтерін «ВВ» деңгейінде растай отырып, Қоғамның рейтингі бойынша болжамды «Тұрақтыдан» «Оңға» өзгертті.

Қараша

АКРА Қоғамның халықаралық шкала бойынша кредиттік рейтингін «Тұрақты» болжамымен «BB+» деңгейінде растады және СККН Финанс (ЖШҚ) (RU000A102KF8) облигацияларының кредиттік рейтингін A-(RU) деңгейінде растады.

Samruk-Kazyna Construction» АҚ 2022–2026 жылдарға арналған бизнес-жоспары бекітілді.

2021 жылғы 9 қарашада, «Karabatan Utility Solutions» ЖШС сенімділікпен басқару шеңберінде «Инженерлік желілер дәлізі» жобасы бойынша ҚМЖ аяқталып, Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылды.

Желтоқсан

2021 жылғы 28 желтоқсанда, «Karabatan Utility Solutions» ЖШС сенімділікпен басқару шеңберінде «Су өңдеу» жобасы бойынша ҚМЖ аяқталып, Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылды.