ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Решительность / Табандылық / Determination
- Біз үнемі дамимыз және озық тәжірибені қолданамыз
- Біз алдымызға өр мақсаттар қойып, оларға қол жеткіземіз
- Біз барлық тәуекелдерді ескере отырып, шешім қабылдаймыз
Ответственность / Жауапкершілік / Responsibility
- Біз барлығына мүмкіндік береміз, бірақ арамыздағы ең жақсыларды ілгерілетеміз
- Біз адал және сындарлы әрекет етеміз
- Біз өзімізге жауапкершілік аламыз
Самодисциплина / Тәртіп / Self-discipline
- Біз өзімізге және басқаларға қатал болып, жоғары тиімділікке қол жеткіземіз
- Біз компанияның нормалары мен қағидаларына сәйкес әрекет етеміз
- Біз сөзімізге берікпіз, уәдемізде тұрамыз
Товарищество – Партнерство / Серіктестік / Partnership
- Біз команданың мүддесін жеке мүддеден жоғары қойып, бір-біріміздің пікірімізді құрметтейміз
- Біз барлық мүдделі тараптар үшін өзара тиімді шешімдерді табамыз
- Біз ашықтық қағидаттары негізіндегі ұзақ мерзімді қарым-қатынастарды құрамыз
2018 жылы бекітілген Қоғамның 2018–2028 жылдарға арналған Даму стратегиясына сәйкес Қоғам Мемлекеттік бағдарламалар операторы функцияларынан «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына құрылыс пен жылжымайтын мүлікті басқару саласындағы қызметтерді көрсетуге көшті.
Қоғамның негізгі стратегиялық бағыттары болып табылатындар:
Мемлекеттік бағдарламаларға қатысуды аяқтау:
- мемлекеттік бағдарламалар бойынша жүзеге асырылатын жобаларды аяқтау;
- тікелей сату, қаржылық немесе операциялық жалдау арқылы жобаларды жүзеге асыру;
- кестеге сәйкес негізгі қарызды және сыйақыны өтеу бөлігінде Жалғыз акционердің алдындағы қаржылық міндеттемелерді уақтылы орындау.
Жылжымайтын мүлікті басқару:
- маркетинг;
- жылжымайтын мүлік объектілерін жалға беру немесе сату;
- қаржылық менеджмент;
- қаржылық ағындарды және тәуекелдерді басқару.
Құрылысты басқару:
- жобалар пулын қалыптастыру;
- жобалау тапсырмасын және техникалық ерекшелікті әзірлеу, объектілерді жобалау және салу үшін әлеуетті компанияларды таңдау;
- Кеңесші ретінде баға белгілеуге мониторинг жасау, құрылыс барысын, пайдаланылған материалдардың сапасын, орындалған жұмыстарды орындау мерзімін, сондай-ақ объектілерді уақтылы пайдалануға беруді бақылау арқылы құрылысты басқару.
Жобалау және құрылыс сатысында компаниялардың үлестерін сенімділікпен басқару:
- құрылыс жобаларын басқарудың бірыңғай және тиімді жүйесін енгізу;
- баға белгілеуге мониторинг жасау, құрылыс барысын, пайдаланылған материалдардың сапасын, орындалған жұмыстардың мерзімін, сондай-ақ объектілерді уақтылы пайдалануға беруді бақылау арқылы құрылысты басқару.