МАҢЫЗДЫ МӘМІЛЕЛЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

2021 жылы жасалған, жасалуына мүдделілік бар мәмілелер, сондай-ақ ірі мәмілелер туралы ақпарат № 1 қосымшада келтірілген.

БОЛАШАҚ КЕЗЕҢДЕРГЕ МАҚСАТТАР МЕН ЖОСПАРЛАР

Қоғам 2022 жылы Қоғамның Миссиясы мен Пайымы негізінде белгіленіп, алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруды жалғастыруды жоспарлап отыр, оның ішінде жалға берілген және дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде сатып алумен жалға берілген үй-жайларды басқаруды қамтитын мемлекеттік бағдарламаларға қатысуды аяқтау, сондай-ақ жалға берілетін тұрғын үй бағытындағы «Нұрлы жер» және коммерциялық тұрғын үй бағытындағы «Нұрлы жер» бағдарламалары бойынша салынған инвестицияларды қайтару бойынша жұмысты жалғастыру.

Қоғам 2022 жылы тозығы жеткен тұрғын үйлердің иелерін жаңа пәтерлермен қамтамасыз ету, қалалардағы әлеуметтік шиеленісті жеңілдету, сондай-ақ құрылыс секторын дамыту үшін инвестициялық ахуал жасау мақсатында Шымкент, Алматы қалаларында, СҚО, ШҚО және т.б. жаңарту бағдарламасын (тозығы жеткен және апаттық тұрғын үйлер) жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Қоғам Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тұрғын үй құрылысы объектілеріне арналған инвестициялық қызметті жүзеге асыруды жалғастырады. Бұл бағыттың басты мақсаты – құрылыс саласын дамыту, тоқтап тұрған объектілердің құрылысын аяқтау, құрылыс материалдарының бәсекеге қабілетті өз өндірісін құру және халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау.

2022 жылға арналған мақсаттарға жету үшін Қоғам операциялық тиімділікті арттыру, басқару және құрылысқа инвестициялау кеңсесін құру, жалға алушылармен сындарлы диалогқа, сонымен қатар тікелей байланыстарды болдыртпау және ақпараттық пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында бизнес-үдерістерді автоматтандыруға бағытталған жедел кері байланыс­ты ұйымдастыру арқылы барлық бизнес-үдерістерді автоматтандыру және цифрландыру деңгейін көтеруді жоспарлап отыр.

2022 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару кодексінде баяндалған тұрақты даму қағидаттарын енгізу тәжірибесі жалғасады, Корпоративтік басқаруды жетілдіру жоспарында бекітілген іс-шараларды іске асыру арқылы корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру бо­йынша қызмет жалғасады.